jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда смартфондарды верификациялау: азаматтарға өзгерістер туралы ескертілді

Телефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам. Иллюстрациялық фото: pexels.com

eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа қызмет – IMEI верификациясына өтінім беру енгізілді, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның мәліметінше, енді жеке тұлғалар абоненттік құрылғыларды тек portal.imei.gov.kz цифрлық үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы верификациялай алады.

"Өзгерістер пайдаланушылар үшін рәсімді жеңілдетуге, өз бетінше орындалатын әрекеттер санын қысқартуға және ақпараттық қауіпсіздік тетіктерін күшейтуге бағытталған.

Бұған дейін верификациядан өту үшін азаматтар басқа цифрлық ресурстарға өз бетінше жүгініп, қосымша құжаттарды алып, өтінім берген кезде оларды жүйеге жүктеуі қажет болатын. Атап айтқанда, мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы анықтаманы vmp.gov.kz порталында бөлек тапсырыс беру арқылы алу керек еді.

Енді қажетті мәліметтер мемлекеттік жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы аясында автоматты түрде алынады. Азаматтарға бұл анықтаманы басқа сервистен өз бетінше алып, жүктеп, қайта тіркеудің қажеті жоқ", - делінген хабарламада.

Азаматтарға eGov Mobile арқылы IMEI верификациясына қалай өтінім беру керектігі жөнінде нұсқаулық ұсынылды:

  • қосымшаға кіріп, авторизациядан өтіңіз;
  • басты беттегі "Танымал қызметтер" бөлімінен "IMEI-ді верификациялауға өтінім" қызметін таңдаңыз;
  • дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беріңіз немесе 1414 қысқа нөмірінен келген SMS-хабарлама арқылы бас тартыңыз;
  • eGov (Digital ID) сервисі арқылы биометриялық сәйкестендіруден өтіңіз;
  • жүйені пайдалану шарттарымен танысып, қажетті өтінім нұсқаларын таңдаңыз.

Қазақстанда смартфондарды верификациялау: азаматтарға өзгерістер туралы ескертілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram