ШҚО-да бірден 12 әкім жауапқа тартылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шығыс Қазақстан облысында 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды өңірлік прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, Глубокое ауданының прокуратурасы спутниктік суреттерді талдау және аудан аумағын көзбен шолып тексеру нәтижесінде 15 рұқсат етілмеген қоқыс орнын анықтаған.
Аббаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін полиция қызметкерлері 177 тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартқан.
Сонымен қатар прокурорлық қадағалау шаралары бойынша бақылауды тиісінше жүзеге асырмағаны үшін 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
Салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2441501-shqo-da-birden-12-akim-zhauapqa-tartyldy/