Белгілі ақын Жанна Елеусіз 55 жасында дүниеден өтті
Жарияланған күні:

Белгілі ақын Жанна Елеусіз 55 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Жазушылар одағының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жанна Елеусіз 1970 жылғы 22 қарашада дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
Ақынның "Мен сүйетін дүние" және "Тіршілік трилогиясы" атты жыр жинақтары жарық көрген. Оның терең философиялық ойға, мұң мен нәзік сезімге толы өлеңдері оқырман қауым мен әдебиетшілердің жоғары бағасына ие болды.
Әдеби ортада сыршыл поэзиясымен танылған ақынның шығармашылығы "ақсүйек поэзия" деген бағамен де ерекшеленген.
"Қазақстан Жазушылар одағының Басқармасы марқұмның туған-туысқандары мен жақындарына, қалың оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2441578-belgili-aqyn-zhanna-eleusiz-55-zhasynda-dunieden-otti/