jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Сейсенбіде Қазақстанда күн бұзылады: синоптиктер ескерту жасады

Жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: fstop123/Getty Images

Ертең, 13 қазанда Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл өңірлерде күн бұзылып, қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 18 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Шымкент қ.: түннің бірінші жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Абай облысының орталығында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Сейсенбіде Қазақстанда күн бұзылады: синоптиктер ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram