jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Үш сағаттан астам болмаған: Оралда жұмыстан шығарылған қызметкер қызметіне қайта орналасты

Қызметкер
Қызметкер. Иллюстрациялық фото: pexels.com

БҚО-да жұмыс орнында үш сағаттан астам уақыт болмағаны үшін жұмыстан шығарылған қызметкер қызметіне қайта орналасты, деп хабарлайды БҚО соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

БҚО соттарының Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, Орал қаласының №2 соты жұмыстан босатуды заңсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандырған.

Іс материалдарына сәйкес, мекеме қызметкерді жұмыс орнында үш сағаттан астам уақыт болмағаны үшін жұмыстан босатқан.

"Алайда жұмыс беруші тәртіптік жаза қолданар алдында қызметкерден жазбаша түсініктеме талап ету жөніндегі заңды міндетін орындамаған", - делінген хабарламада.

Сот жұмыс берушінің бұл әрекеті еңбек заңнамасының талаптарына қайшы келеді деген қорытындыға келіп, жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп таныған.

Нәтижесінде қызметкер бұрынғы лауазымына қайта орналастырылып, оның пайдасына бос жүрген уақыты үшін 2 315 515 теңге орташа жалақы және өкілдің көмегіне ақы төлеу шығыстары ретінде 350 000 теңге өндірілген.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Үш сағаттан астам болмаған: Оралда жұмыстан шығарылған қызметкер қызметіне қайта орналасты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram