"5 млн теңгеден астам": Қазығұртта әжейдің жылдар бойы жинаған ақшасы шатырдан табылды (видео)
Жарияланған күні:

Қазығұртта қарт әйелдің жылдар бойы жинаған ақшасы шатырдан табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында полицияға жеке тұрғын үйдің шатырынан қомақты ақша табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері тексеру барысында 5 миллион теңгеден астам ақша салынған бірнеше пакетті тапты.
Анықталғандай, жанашыр тұрғындар қарт әйелдің үйін жөндеп беруге ниет білдіріп, іске кіріскен. Жөндеу жұмыстары шатырға жеткенде, олар сол жерден бірнеше пакетке салынған қомақты қаражат тауып алған. Содан жанашыр тұрғындар бірден полиция қызметкерлеріне хабар берген. Үй иесінің айтуынша, ол қаражатты жылдар бойы жинаған.
Қажетті іс-шаралар өткізіліп, барлық жағдай анықталғаннан кейін ақша заңды иесіне қайтарылады.
Полиция егер бөтен біреудің мүлкі немесе ақшалай қаражаты табылса, бұл туралы құқық қорғау органдарына тез арада хабарлау қажеттігін ескертті.
Уақытылы хабарлау мән-жайларды дереу анықтауға және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2442199-5-mln-tenggeden-astam-qazygurtta-azheiding-zhyldar-boiy-zhinagan-aqshasy-shatyrdan-tabyldy-video/