Бүгін ел мегополистерінде жауын-шашын болмайды
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкентте 14 қазанда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 19 градусқа дейін көтеріліп, түнде 6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,1 м/с болмақ.
Астанада күн бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 14 градусқа дейін жетіп, түнде 4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,5 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 23 градусқа дейін жетіп, түнде 11 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,1 м/с деңгейінде болмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2442256-bugin-el-megopolisterinde-zhauyn-shashyn-bolmaidy/