jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда күн күрт суытады: өңірлердің бірінде ауа температурасы -11 градусқа дейін төмендейді

Құс
Бұтада отырған құс. Көрнекі фото: Pexels

Синоптиктер 15-17 қазанда Қазақстанда күн райы қандай болатынын айтты. Болжамға сәйкес, ел аумағында жауын-шашын түсіп, күн суытады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологиялық қызметтің мәліметінше, алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін. Сондай-ақ Қазақстанның шығысында көктайғақ болады.

Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

16-17 қазанға қараған түндері елдің оңтүстік-шығысында 1-2 градус үсік жүреді.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал.

Ауа температурасы:

  • елдің батысында түнде +7…+15°С-қа дейін, күндіз +17…+25°С-қа дейін төмендейді;
  • Ақтөбе облысында түнде +1…+6°С, өңірдің солтүстігі мен шығысында -1…-3°С, күндіз +15…+23°С-қа дейін төмендейді;
  • Қостанай облысында түнде -1…-6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы +12…+17°С-тан +10…+15°С-қа дейін аздап құбылады;
  • елдің солтүстігінде түнде -3…-8°С-қа дейін төмендейді, 17 қазаннан бастап 0…+8°С-қа дейін жоғарылайды. Күндіз ауа температурасы аздап көтеріліп, +7…+12°С болады;
  • Ұлытау облысында түнде ауа температурасы негізінен 0…+6°С, өңірдің солтүстігі мен шығысында -3°С болады. Күндіз +10…+20°С күтіледі;
  • Қарағанды облысында түнде ауа температурасы негізінен -1…-8°С, өңірдің оңтүстігінде +3°С болады. Күндіз біртіндеп +10…+15°С-қа дейін жоғарылайды;
  • елдің шығысында түнде ауа температурасы -1…-6°С-тан -3…-11°С-қа дейін аздап төмендейді. Күндіз негізінен +3…+12°С, өңірдің шығысында -2°С болады;
  • республиканың оңтүстігінде түнде ауа температурасы +2…+10°С-қа дейін, күндіз +15…+25°С-қа дейін аздап төмендейді;
  • елдің оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 0…+8°С-қа дейін, таулы аудандарда -2…-7°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +12…+22°С-тан +10…+18°С-қа дейін аздап құбылады.
Қазақстанда күн күрт суытады: өңірлердің бірінде ауа температурасы -11 градусқа дейін төмендейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram