jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда жасөспірімдердің әлеуметтік желіге кіруі шектеледі: бұл танымал мессенджерлерге де қатысты ма

телефон ұстап отырған бала
Телефон ұстап отырған бала. Иллюстрациялық фото: Anna Barclay/Getty Images

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруі шектеледі. Алайда шектеудің танымал мессенджерлерге қатысы жоқ. Бұл туралы Astana Media Week шарасында мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бiз әрiптестерiмiзбен бiрлесiп, 16 жасқа дейiнгi балалардың әлеуметтiк желiлерге кiруiн шектеудi жоспарлап отырмыз. Бұның WhatsApp, Telegram және басқа да мессенджерлерге қатысы жоқ. Олар еш кедергісіз қолданыла береді", - деді Қанат Ысқақов.

Оның айтуынша, мұндағы басты фактор – cәйкестендіру.

"Бұл – шынымен де, өте күрделі процесс. Сондықтан жасты анықтаудың бірыңғай алгоритмін құру үшін цифрлық платформалардағы әріптестерімізбен, достарымызбен бірлесе жұмыс істейміз.

Біз балалардың қауіпсіз цифрлық кеңістікті пайдалануында ата-аналардың, әрқайсымыздың жауапкершілігіміз маңызды деп санаймыз. Бұл шара тиімді болуы үшін және балалардың білім беру мен басқа да маңызды контентті алуына шектеу қоймау үшін бүкіл қоғамдастықпен жұмыс істейміз", - деді бірінші вице-министр.

Қазақстанда жасөспірімдердің әлеуметтік желіге кіруі шектеледі: бұл танымал мессенджерлерге де қатысты ма

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram