jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

15 қазанда еліміздің бірнеше өңірінде жел тұрып, көктайғақ болады

Судағы жапырақ
Жапырақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Ертең, 15 қазанда Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді. Синоптиктер күн райына байланысты ескерту жасап, кей өңірде тұман, көктайғақ болып, шаңды дауыл соғатынын жеткізді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Түнде және таңертең Астанада тұман түседі.

Түнде Абай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 25 м/с-қа жетеді, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары, ал батысында, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары, ал оңтүстігі мен шығысында төтенше деңгейде сақталады. Атырауда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Қонаевта күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың шығысында және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 25 м/с-қа жетеді, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Өскеменде күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23-28 м/с-қа, кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары деңгейге жетеді. Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Қарағандыда түнде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қызылорда облысында күндіз шығысында және орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша өрт қаупі төтенше деңгейде, ал солтүстігінде және орталығында жоғары деңгейде сақталады. Қызылордада күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Ақтауда күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Павлодарда түнде және таңертең тұман болады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түркістанда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысында таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Жезқазғанда өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады

15 қазанда еліміздің бірнеше өңірінде жел тұрып, көктайғақ болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram