Медеу – Шымбұлақ жолы бірнеше күнге жабылады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Медеу – Шымбұлақ жолы құбырларды монтаждау жұмыстарына байланысты бірнеше күнге жабылады. Бұл туралы Telegram-дағы Almaty_Joly арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"2026 жылғы 19-22 қазан аралығында Медеу – Шымбұлақ автомобиль жолының "Горельник" визит-орталығы маңындағы бөлігінде диаметрі 1 және 1,5 метр болатын екі темірбетон су өткізу құбырын орнату жұмыстары жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Жұмыс жүргізілетін кезеңде автокөліктер мен жүргіншілер қозғалысы толықтай тоқтатылады.
"Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы бағыттағы сапары мен жаяу жүру маршрутын жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеруін сұраймыз.
Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2442986-medeu-shymbulaq-zholy-birneshe-kunge-zhabylady/