Астанада қоғамдық көлік тарифі өседі: жолақы 150-ден 400 теңгеге дейін жетеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астана әкімдігі қалалық және қала маңындағы автобустардағы жолақының сараланған тарифін бекіту туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы атқарушы органның сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қаулы мәтінінде Астана бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бағдарларына сараланған тариф көрсетілген.
Астанадағы автобус жолақысының тарифтері
- Электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 150 теңге;
- Электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 300 теңге;
- Электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға – 150 теңге;
- Электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қала маңында автомобильмен тасымалдау – бір километр үшін 13 теңге;
- Қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 300 теңге;
- Қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 400 теңге;
- Қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау кезінде – 300 теңге;
- Жолаушыларды қала маңындағы автомобильді тасымалдауда қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – бір километр үшін 19 теңге;
- Жеңілдігі бар картамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға – 0 теңге.
"Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушы тегін жол жүруді пайдаланады", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елорда әкімдігі Астанадағы қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын 150 теңге мөлшерінде бекітуді ұсынған еді. Жаңа тарифті 1 желтоқсаннан бастап енгізу жоспарланып отыр.
Әкімдіктің мәліметінше, Астанада соңғы 12 жыл ішінде жолақы құны тек бір рет өзгерген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2443036-astanada-avtobus-zholaqysy-qymbattaidy-zholaushylar-150-den-400-tenggege-deiin-toleidi/