"Қарақұрт жұтып қоюы мүмкін": Маңғыстауда екі жасар қыз өлім аузынан қалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Маңғыстау облысында 2 жасар қыз комаға түсіп, ажал аузынан қалды. Ол қарақұрт жұтып қоюы мүмкін, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Маңғыстауда екі жасар қыз жансақтау бөліміне түсті. Алдын ала дерек бойынша, ойнап жүрген балалардың бірі сәбиге қарақұрт берген, оны қыз жұтып қоюы мүмкін. Көп ұзамай оның жағдайы күрт нашарлады.
Аудандық ауруханадан қыз медициналық авиация желісі бойынша облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Мереке Бекбаевтың айтуынша, бала ауруханаға жатқызылғанға дейін дәрігерлер аудандық әріптестерімен телемедициналық кеңес өткізіп, емдеудің одан арғы қадамдарды талқылаған.
Жағдайының ауырлығын ескере отырып, дәрігерлер қарақұртқа қарсы сарысу енгізіп, пациентті облыс орталығына шұғыл жеткізу туралы шешім қабылдады. Қыз бала реанимациялық бригаданың сүйемелдеуімен өкпені жасанды желдету аппаратында тасымалданды.
Ауруханаға түскен кезде баланың жағдайы өте ауыр болған. Қыз бірінші дәрежелі комаға түскен. Дәрігерлер дереу қарқынды терапияны бастап, консилиум өткізді және республикалық мамандарға қосымша кеңес ұйымдастырды. Емдеу барысында қарақұртқа қарсы сарысу екі рет енгізілді.
Сәби он күн реанимацияда жатты. Осы уақыт ішінде дәрігерлер мен медбикелер оның жағдайын тәулік бойы бақылап, емдеу тәсілін түзетіп отырды. Біртіндеп оң өзгерістер байқалды: қыз комадан шығып, өз бетімен тыныс ала бастады, содан кейін ол өкпені жасанды желдету аппаратынан ажыратылды.
Жағдайы тұрақталғаннан кейін пациент бейінді бөлімшеге ауыстырылды, онда ол тағы төрт күн болды. Кейін қыз қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2443274-qaraqurt-zhutyp-qoiuy-mumkin-manggystauda-eki-zhasar-qyz-olim-auzynan-qaldy/