jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстандықтар 31 желтоқсанда демалуы мүмкін

Күнтізбе
Күнтізбе. Көрнекі сурет: pexels.com

Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар кей жағдайда 31 желтоқсанда демалу мүмкіндігіне ие бола алады. Бұл күні қызметкердің жұмыс істейтінін не істемейтінін жұмыс беруші қабылдайды, деп хабарлайды Еңбек министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда жұмыс беруші қызметкері 31 желтоқсанда демала ма, демалмай ма өзі шеше алады.

"Қолданыстағы еңбек заңнамасы жұмыс берушілерге қызметкерлермен келісе отырып, 31 желтоқсанды қысқартылған жұмыс күні ретінде белгілеуге, жұмыс уақытының икемді кестесін қолдануға немесе қызметкерлерді жұмыстан толық босатуға мүмкіндік береді", - делінген Еңбек министрлігі хабарламасында.

Елімізде мереке күндері "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңымен реттелетіні атап өтілді. Құжатта ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және басқа да мерекелер қарастырылған.

"Бұл ретте ұлттық және мемлекеттік мерекелер күндер демалыс күндері болып саналады. Сонымен қатар мереке күндері, әдетте, маңызды тарихи, мәдени немесе қоғамдық-саяси оқиғалардың құрметіне белгіленеді және идеологиялық, тәрбиелік әрі мәдени жүктемені арқалайды", - деп қосты ведомство өкілдері.

Осылайша, жұмыс беруші еңбек заңнамасына және ұжымдық шартқа сәйкес 31 желтоқсанды қосымша демалыс күні ретінде бекітуге құқылы.

Қазақстандықтар 31 желтоқсанда демалуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram