Жұмыс істеп жүріп, декретке шыққан аналар декреттік төлемді бұрынғы тәртіппен алады
Жарияланған күні:

Жұмысы бар қазақстандықтар декреттік төлемдерді сол бұрынғы тәртіппен ала береді. Ал жаңа өзгерістер жұмыс істемейтін аналарға қатысты болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Құрылтай депутаты Ләззат Қожахмет Facebook парақшасында жазды.
"Бала тууды жоспарлап жүрген аналар сіздерге қатысты ақпарат. Егер жұмыс істеп жүріп декретке шықсаңыз 2027 жылдан бастап декреттік төлемді бұрынғы тәртіппен ала бересіз. Себебі, ай сайын жалақыңыздан жарна аударып отырдыңыз.
Ал жұмыс істемеген аналарға декреттік төлем беру тәртібі 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгереді. Сондықтан бала тууды жоспарлаған кезде жұмыс істеп, барлық жарналарды аударып отырыңыз.
Бұдан бөлек, әскери зейнеткерлерге, қандастарға және басқа да азаматтарға төленетін әлеуметтік төлемдерге қатысты өзгерістер бар", - деді ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2443288-zhumys-istep-zhurip-dekretke-shyqqan-analar-dekrettik-tolemdi-buryngy-tartippen-alady/