Қарыз көлемі 550 млн теңгеден асты: су тарифін уақытылы төлемеген Алматы тұрғындарына ескерту жасалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда сумен жабдықтау және кәріз жүйесі бойынша жалпы қарыз көлемі 550 млн теңгеден асты. Бұл туралы "Алматы Су" кәсіпорны мәлімдеді, деп хабарлайды КAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Шамамен 250 млн теңге қарызды көппәтерлі үйлердің тұрғындары, ал 300 млн теңгеден астамын жеке сектор тұрғындары жинақтаған.
Қала тұрғындарына шоттарды 25-іне дейін төлеу қажет екені ескертіліп жатыр – 26-сынан бастап төлем болмаған жағдайда өсімпұл есептеледі.
"Қарыз ұзақ уақыт төленбесе, су беру шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін, ал қарыз сот арқылы өндіріледі. Бұл жағдайда борышкер өсімпұл мен сот шығындарын да төлеуге мәжбүр болады. Су беруді шектеуге дейін үш күн бұрын тұтынушыға ескерту жасалады", - делінген хабарламада.
"Алматы Су" мекемесі қала тұрғындарына қосымша шығындар мен су тарифін мәжбүрлі түрде өндіріп алудан аулақ болу үшін есепшоттарды жүйелі түрде тексеріп, қарыздарды уақытында өтеуге кеңес береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2443473-qaryz-kolemi-550-mln-tenggeden-asty-su-tarifin-uaqytyly-tolemegen-almaty-turgyndaryna-eskertu-zhasaldy/