Алматыда веложарысқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі: шектеу қай көшеде енгізіледі
Жарияланған күні:

Алматыда 18 қазанда Керей - Жәнібек хандар көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды мегаполис әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жексенбі, 18 қазанда Алматыда велоспорт әуесқойлары мен ардагерлері арасында жыл сайынғы Giro d’Almaty шосселік веложарысы өтеді. Бұл – Қазақстандағы әуесқой велоспорт күнтізбесіндегі ең айтулы жарыстардың бірі.
"Жарыстың өткізілуіне байланысты 18 қазанда сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін Керей - Жәнібек хандар көшесінің батыс жағында, Royal Tulip Almaty қонақ үйінен (Керей - Жәнібек хандар көшесі, 401/2) "Медеу" биік таулы спорт кешеніне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Көлік қозғалысына қойылатын шектеулер жарысқа қатысушылардың жол бойымен өтуіне қарай кезең-кезеңімен енгізіліп, алынып отырады", - делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2443557-almatyda-velozharysqa-bailanysty-kolik-qozgalysy-shekteledi-shekteu-qai-koshelerde-engiziledi/