jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Демалыс күндері Қазақстанның кей өңірлерінде қар жауып, -7 градусқа дейін аяз болады

қар жауған сәт
Қар жауған сәт. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 17-19 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында – қар, батыста жаңбыр жауады.

Тек Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республика бойынша тұман түседі, Қазақстанның шығысында көктайғақ күтіледі. Батыс өңірлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде -1...-7 градусқа дейін аяз болады.

  • батыста күндіз ауа температурасы негізінен +18…+25 °C болады.
  • солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан -1…-6 °C-қа дейін, күндіз +13…+18 °C-тан +15…+20 °C-қа дейін аздап құбылады.
  • солтүстікте түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан -1…-6 °C-қа дейін, күндіз +6…+12 °C-тан +12…+17 °C-қа дейін аздап өзгереді.
  • орталықта күндіз ауа температурасы негізінен +10…+20 °C болады.
  • шығыста түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан -1…-6 °C-қа дейін аздап құбылады. Күндіз негізінен +3…+12 °C, таулы аудандарда -2 °C болады.
  • оңтүстікте түнде +2…+7 °C, күндіз +18…+25 °C болады.
  • оңтүстік-шығыста күндіз +10…+18 °C, таулы аудандарда +3…+8 °C болады.
Демалыс күндері Қазақстанның кей өңірлерінде қар жауып, -7 градусқа дейін аяз болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram