Елімізде қазақ тілін білу деңгейін бағалайтын тестілеу өтеді: нені білу маңызды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанда 29 қазанда қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған сертификаттық тестілеу өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, 29 қазанда қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі өтеді.
Электронды форматтағы тестілеу Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған, Түркістан, Тараз қалаларында болады.
Өтінімдер 27 қазанға дейін қабылданады, ал тестілеудің өзі 29 қазанда өтеді. Өтінімдер app.testcenter.kz сайтында қабылданады.
КАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу 4 блоктан тұрады:
Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);
Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут);
Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);
Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).
Бұл ретте сертификат алу үшін тестіленуші әр блок бойынша қажетті шекті балл жинауға тиіс. Тестілеу нәтижелері тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады.
Тестілеуге қатысу құны – 7 121 теңге.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2444535-elimizde-qazaq-tilin-bilu-denggeiin-bagalaityn-testileu-otedi-neni-bilu-mangyzdy/