jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

5 қабаттан құлайын деп тұрған баланы құтқарған өрт сөндіруші марапатталды

Саят Сыздықов
Саят Сыздықов. Фото: "Астана" телеарнасы

Қарағандылық өрт сөндіруші Саят Сыздықов бесінші қабаттан құлайын деп тұрған бес жасар баланы құтқарып қалды. Бұл сәтті ешқашан ұмытпаймын дейді ол. Күн сайын қауіп-қатермен бетпе бет келетін өрт сөндіруші оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Дабыл соққан кезде бізге 1 минут уақыт беріледі толығымен киініп гараждан шығып кетуге. Бұл өрт сөндірушінің жеке киімі. Боевая одежда пожарного дейді. Бұның салмағы бір примерно 8-10 кг- дай болады", - дейді облыстық ТЖД мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт-сөндіруші құтқарушысы.

Саят Сыздықов Төтенше жағдайлар жүйесінде 7 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде талай оқиғаға куә болды. Оның жадында ерекше сақталғаны-  кішкентай қыз баланың оқиғасы. Қаладағы көпқабатты үйдің біріне өрт сөндіруге келгенде, бесінші қабаттың терезесінде тұрған баланы көреді. Ішті қою ащы түтін басқанына қарамастан, ол пәтерге кіріп, қызды тауып алады да уақыт жоғалтпай қауіпсіз жерге алып шығады.

"Түскен бетте 5 этажда отырған қыз баланы көрдім. Терезенің шетінде отыр. Терезені ашып қойған уже. Терезенің шетінде отыр, подоконникта.Сол бетте дереу жүгіріп барып подъезін тауып алып, пәтерін анықтап, 5 этажға көтеріліп жаңағы қыз баланы құтқарып қалдым. Біз үшін ең маңыздысы – адамның өмірін сақтап қалу", - дейді ол.

Саят Сыздықов үшін бұл мамандық –жай ғана жұмыс емес. Бала кездегі арманы мен өмірлік таңдауы. Бір қарағанда, бұл - қызметтік міндеттің орындалуы болғанымен қауіпке қарсы тұрып, сатыны тоспай баланың өмірі үшін тікелей жауапкершілік алу үлкен батылдықты талап етеді. Бүгін осы ерлігінің арқасында Саят Сыздықов Төтенше жағда

5 қабаттан құлайын деп тұрған баланы құтқарған өрт сөндіруші марапатталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram