jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстан аумағында жолаушылар ұшағы дабыл белгісін қосты: Ресей Тергеу комитеті тексеріс жүргізе бастады

Әуедегі ұшақ. Көрнекі сурет
Әуедегі ұшақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кеше Қазақстан аумағында S7 әуекомпаниясының ұшағы дабыл белгісін қосып, көп ұзамай Омбыға аман-есен қонды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Бүгін Новосибирск – Махачкала бағытындағы әуе рейсінің экипажы Қазақстан әуе кеңістігінде дабыл белгісін бергенін жазған едік. Кейінірек оған техникалық ақау себеп болғаны белгілі болды.

Кейін әуе кемесі Омбы әуежайына шұғыл қонды. Ұшақ бортында 170-тен астам жолаушы болған. Ұшақтың Көкшетау маңында кері бұрылғаны айтылды.

РБК мәліметінше, тергеушілер ұшақтың шұғыл қонуына байланысты тексеріс ұйымдастырды. Тексеріс "Әуе көлігінің қозғалыс және пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" белгілері бойынша жүргізіліп жатыр.

"Тергеушілер мен криминалист-тергеушілер тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жолаушылар ұшағы дабыл белгісін қосты: Ресей Тергеу комитеті тексеріс жүргізе бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram