jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Күзгі каникул жақындады: елорда полициясы ата-аналарға маңызды үндеу жасады

Оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстандық оқушылардың күзгі каникулға шығуына санаулы күн қалды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері ата-аналарға маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап .

Астана қалалық полиция департаменті демалыс кезінде ата-аналар мен заңды өкілдерден балаларға барынша назар аудару талап етілетінін еске салды. Себебі оқушылардың бос уақыты көбейеді.

"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқыс оқиғаларға жол бермеу мақсатында Астана полициясы ата-аналарды балалардың бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қайда жүргенін және кімдермен араласатынын бақылауға ерекше назар аударуға шақырады.

Заңнамада белгіленген кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерлерде және ойын-сауық мекемелерінде жүруіне қатысты шектеулерді сақтауға ерекше мән беру қажет", - деді полиция өкілдері.

Сонымен қатар ата-аналарға балаларына тұрақты түрде қоғамдық тәртіпті, жол жүрісі ережелерін және заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізу ұсынылады.

Күзгі каникул жақындады: елорда полициясы ата-аналарға маңызды үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram