jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке қатысты бірқатар мемлекеттік қызметті уақытша қолдана алмайды

Құжат толтырып отырған ер адам
Құжат толтырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Елімізде демалыс күндері және алдағы мерекеде жылжымайтын мүлікті рәсімдеумен байланысты кейбір қызметтер көрсетілмейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Азаматтарға арналған үкіметке" сілтеме жасап.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры QazTRF-23 координаттар жүйесіне көшеді. Бұл – заманауи ашық спутниктік навигация жүйелерін пайдалана отырып, цифрлық карталар мен кеңістіктік деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мемлекеттік координаттар жүйесі.

Осыған байланысты 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейінгі демалыс және мереке күндері Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі мен Жария кадастрлық картада техникалық жұмыстар жүргізіледі.

"Осы кезеңде жер кадастры, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру салаларындағы мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау уақытша қолжетімсіз болады", - делінген хабарламада.

Ал осы саладағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке қатысты бірқатар мемлекеттік қызметті уақытша қолдана алмайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram