jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ең мықты: Қазақстан паспорты тағы да Орталық Азияда көш бастады

Қазақстан паспорты
Қазақстан паспорты. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан паспорты тағы да Орталық Азиядағы ең мықты паспорт деп танылды. Бұл ретте жаһандық рейтингте еліміздің паспорты 66-орында тұр, деп хабарлайды Henley Passport Index 2026 дерегіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Henley & Partners компаниясы әлемдегі ең мықты паспорттардың Henley Passport Index 2026 рейтингін жариялады.

Компания рейтинг барысында әлем бойынша паспорт иелерінің еркін жүріп-тұру деңгейі бағаланатынын мәлімдеді. Яғни паспорттар иелері алдын ала виза рәсімдемей-ақ қанша елде бола алатынына қарай сараланады.

Мәселен, жаһандық рейтингте Қазақстан паспорты Таиландпен бірге 66-орынға ие болды.

Бұл – Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Мысалы, Қырғызстан 81-орында, Өзбекстан – 82-орында, Тәжікстан – 87-орында, ал Түрікменстан 93-орында тұр.

Ал әлемдегі ең мықты паспорт болып Сингапур паспорты танылды. Рейтингтің екінші сатысына бірден үш ел – Жапония, Оңтүстік Корея және Біріккен Араб Әмірліктері орналасты. Көшбасшылар үштігін Швеция түйіндеп тұр.

АҚШ паспорты рейтингте 10-орынды, Ұлыбритания 6-орынды иеленді.

Ең мықты: Қазақстан паспорты тағы да Орталық Азияда көш бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram