jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Республика күні қарсаңында "Қазцинк" компаниясының қызметкерлеріне жаңа үйдің кілттері табысталды

Риддер қаласының әкімдігі
Фото: Риддер қаласының әкімдігі

Риддерде республика күні қарсаңында "Қазцинк" компаниясының қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін табыстау рәсімі өтті. Ынтымақтастық туралы меморандум аясында осы тұрғын үйдегі бес пәтер дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне өтеусіз негізде беріледі, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Бұл бастама күн сайын тұрғындардың денсаулығын сақтау жолында еңбек етіп жүрген медицина мамандарын қолдауға қосылған маңызды үлес болып табылады.

Риддер қаласының әкімдігі
Фото: Риддер қаласының әкімдігі

Тұрғын үймен қамтамасыз ету – азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және қаланың дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген мамандар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Риддер қаласының әкімдігі
Фото: Риддер қаласының әкімдігі

Жаңа қоныс иелерін қуанышты оқиғамен құттықтап, жаңа үйлерінде береке-бірлік, жайлылық пен бақыт тілейміз!

Риддер қаласының әкімдігі
Фото: Риддер қаласының әкімдігі

Риддер қаласының әкімдігі
Фото: Риддер қаласының әкімдігі

Республика күні қарсаңында "Қазцинк" компаниясының қызметкерлеріне жаңа үйдің кілттері табысталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram