Екі өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылады
Жарияланған күні:

2026 жылғы 22 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір бөліктерінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысында сағат 20:00–ден бастап «Өскемен — Риддер — РФ шекарасы» автожолының 15–105-шақырым аралығында (Белоусовка кенті — Риддер қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Ал Қарағанды облысында сағат 21:00–ден бастап KAZ 15 «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Боғас» автожолының 60–265-шақырым аралығында (Ботақара кенті — Бақты кенті) жазғы дөңгелекпен жабдықталған барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынады.
Екі жол учаскесіндегі қозғалысты да 2026 жылғы 23 қазанда сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланған.
Жол жағдайы туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2446725-eki-ongirde-kolik-qozgalysyna-shekteledi/