Ресейге жұмыс іздеп барып, қайта алмай қалған отандастарымыздың алғашқы легі елге оралды
Жарияланған күні:

Ресейге нәпәқа табамын деп барып, қақтығыс аймағынан бір-ақ шыққан қазақстандықтардың алғашқы легі елге оралды. Алдын ала мәлімет бойынша, кешеден бері оннан аса қазақстандық үйіне қайтарылған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ұлдарымен қауышқан аналардың қуанышында шек жоқ. Сарыла күткен жақсы жаңалығын ағайын-туыстың басын қосып бөлісіп жатыр.
Істің оң нәтиже беруіне тікелей атсалысқан заңгер Мейірман Шекеевтің айтуынша, елге қайтқан жігіттерге ешқандай қауіп жоқ. Дегенмен алдағы уақытта психологиялық жағдайы тексерілетін көрінеді.
Сыртқы Істер министрлігі қазір өзге азаматтарды қайтару бойынша келіссөзді жалғастырып жатыр.
"Президенттің деңгейіне көтеріліп, осындай деңгейге жеттік деп ойлаймын. Бөліп-жарып қарағым келмейді. Сыртқы Істер министрлігіндегілердің еңбегі орасан зор. Алғашқы балалар кеше келді. Қалғаны бүгін таңертең сағат төртте келеді.
Бүгін мен СІМ тарапымен сөйлестім, олар да қуанып отыр. Бірлескен жұмыстың нәтижесі деп жатыр. Енді қалған балаларымыздың да елге келуіне Алла нәсіп етсін", - дейді заңгер Мейірман Шекеев.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2446752-reseige-zhumys-izdep-baryp-qaita-almai-qalgan-otandastarymyzdyng-algashqy-legi-elge-oraldy/