jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы әуежайында төбеден ақ сұйықтық тамшылады: жолаушылар болған жағдайды видеоға түсіріп алды

күту залы
Әуежайда болған жағдай. Фото: zakon.kz

Алматы халықаралық әуежайында жолаушылар күту залында төбеден ақ түсті сұйықтық тамғанына шағымданды. Бұл оқиғаға қатысты әуе айлағының баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы әуежайында болған оқиға түсірілген видео zakon.kz-тің Threads желісіндегі тармағында жарияланды.

Видеодан күту залындағы орындықтарға төбеден ақ сұйықтық тамшылап тұрғанын көруге болады. Ашуланған жолаушылар болған жағдайды видеоға түсіріп алған.

NUR.KZ тілшісіне Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі түсінік берді.

"Алматы халықаралық әуежайының Т1 терминалында инфрақұрылымды жаңғырту, соның ішінде пайдалану барысында анықталған жекелеген кемшіліктерді жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Терминалдың екінші қабатында әрлеу жұмыстарын жүргізу барысында аз мөлшердегі сұйықтықтың қабат аралық жабын арқылы жолаушылардың күту аймағына тамған", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Әуежай қызметкерлері жағдай бойынша жедел әрекет етіп, оның салдарын жою үшін қажетті шаралар қабылдағаны атап өтілді.

"Қазіргі уақытта жағдай реттелді, терминал штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Алматы халықаралық әуежайы келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Смотреть в Threads

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram