jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Астана тұрғындары желіде жарық сөнгенін айтып шағымданды

Электр желісі
Электр желісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Астана тұрғындары желіде қаланың түрлі ауданында жарық сөнгенін жазып, шағымданды. "Астана-РЭК" электр қуаты жоспардан тыс ажыратылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана тұрғындары Threads желісінде қаланың түрлі аудандарында жарық сөнгеніне шағымданды.

"Бүкіл Астана бойынша жарық сөнгеніне не себеп? Дженсен Хуангтің келуіне байланысты ма? (Nvidia бас директоры 23 қазанда Қазақстанға келді – ред.)", - деп жазды theospanov есімді желі қолданушысы.

gaukhara_dautova есімді қолданушы да Threads желісінде "бүкіл Астанада жарық сөнгенін" жазды.

"Астана-РЭК" ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 23 қазанда елордада жарық жоспарлы түрде өшті.

23.10.2026 жылы мына мекенжайлар бойынша электр энергиясын беру тоқтатылады:

Алматы ауданы:

ТП-497 Ф.1 Ағаштарды санитарлық қырқу сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы Қызан көшесі, 1–20

КТП-1018 Ф.1а, 2 Ағаштарды санитарлық қырқу сағат 13:00-ден 16:30-ға дейін Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы

Ер Қосай көшесі

Ер Тарғын көшесі

Арқайым көшесі

Жаңа Арқа көшесі

 Ер Көкше көшесі

Байқоңыр ауданы:

0,4 кВ әуе желісі, КТП-119 ф. 2. Техникалық қызмет көрсету, ағаштарды санитарлық қырқу. сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін, 23.10.2026 ж.

Брусиловский көшесі

Жұбанов көшесі

Кенесары көшесі

Одесский тұйық көшесі

Нұра ауданы:

ТП-2611, 2-СШ. ЩО-70 қалқанын орнату және монтаждау жұмыстарын орындау үшін. сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін «Aurora» ТК Е-889 көшесі, 3-үй

Сарыарқа ауданы:

0,4 кВ әуе желісі, КТП-32 ЖД ф. 1, 2. Тіректер мен СИП сымын ауыстыру. сағат 08:30-дан 16:30-ға дейін, 23.10.2026 ж. Шыңтас тұйық көшесі

 Қарасай батыр көшесі

Арқарағай тұйық көшесі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram