jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

LRT құрылысы: Алматы әкімдігі тұрғындарды екі көшеде қозғалыс уақытша шектелетінін ескертті

Жол жөндеу
Жол жөндеу. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектелетінін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мегаполис әкімдігінің мәліметінше, Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Атап айтқанда, 24 қазан сағат 08:00-ден 26 қазан сағат 20:00-ге дейін Абылай хан даңғылының Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.

Сонымен қатар 24-29 қазан аралығында сағат 22:00-ден 10:00-ге дейін Момышұлы көшесінің Мөңке би көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан бөліктерінде және Рысқұлов даңғылымен қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады.

"Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram