Алматыда жөндеуден кейін қайтадан тас төселіп жатыр: әкімдік жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы тұрғыны Тимирязев пен Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысындағы аялдама маңында қайтадан тас төселіп жатқанына назар аударды. Басқарма мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматыда Тимирязев көшесін абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жұмыстар Байтұрсынұлы көшесімен қиылыстағы аялдаманы да қамтыды, жуырда ғана жасалған жөндеу жұмыстарынан кейін қайтадан тас төселіп жатыр.
Қайта жүргізіліп жатқан жұмыстарға @raushan_zhakupova_ қолданушысы Threads желісінде назар аударды. Ол жазда учаскені жөндеп, бір ай өткен соң жабындыны қайтадан алып тастап, басқасын төсеудің не қажеті бар екенін сұрады.
"Бір айдан соң қайта алыып, қайта төсеу қажет болса, жөндеу жұмыстарын жазда несіне жасады?", - деп жазды ол.
Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы көшені абаттандыру әлі аяқталмағанын түсіндірді. Жоба аумақты кешенді түрде өзгертуді көздейді.
"Қазіргі уақытта Тимирязев көшесін Байтұрсынұлы көшесінен Жандосов көшесіне дейін "қасбеттен қасбетке дейін" қағидаты бойынша өзгерту жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Жобада көгалдандыру, автоматты суару жүйесін орнату, жарық тіректері мен шағын сәулет нысандарын қою, веложол мен брусчатка жабындысын төсеу қарастырылған. Сіздің өтінішіңізге қатысты бұл учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары әлі аяқталмағанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта сіз көрсеткен аялдамада жобаға сәйкес тактильді тас төселіп жатыр", - делінген хабарламада.
Смотреть в Threads
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2447229-almatyda-zhondeuden-keiin-qaitadan-tas-toselip-zhatyr-akimdik-zhauap-berdi/