jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстаннан Оманның танымал курортына тікелей әуе рейстері іске қосылды

Air Astana ұшағы
Air Astana ұшағы. Иллюстрациялық фото: facebook.com/airastana

Air Astana әуекомпаниясы Астана мен Алматыдан Оманның Салала қаласына рейстер ашты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Комитеттің Telegram-дағы арнасындағы ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 24 қазанда, Қазақстан Республикасының күні қарсаңында, Air Astana әуе компаниясының Астана – Салала (Оман Сұлтандығы) бағыты бойынша жаңа халықаралық әуе рейсін ашты. Рейстер Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

Алғашқы рейспен 140 жолаушы ұшты, бұл әуе кемесіндегі орындардың толық толғанын көрсетеді. Бір күн бұрын, 23 қазанда, Алматыдан Салала қаласына алғашқы рейс орындалып, ондағы жолаушылар орындары да толық толды.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Оман арасындағы әуе қатынасы SalamAir әуе компаниясының Алматы – Маскат бағыты бойынша да жүзеге асырылуда. Осылайша, қазақстандық әуе тасымалдаушы Оман Сұлтандығына екі жаңа бағыт ашу арқылы өзінің халықаралық маршруттық желісін кеңейтті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram