Түнде -5 градусқа дейін суық: бүгін ел мегаполистерінде күн райы қандай болады
Жарияланған күні:

Синоптиктер бүгін, 27 қазанда Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Метеорологиялық қызметтің мәліметінше, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +13 градусқа дейін көтеріліп, түнде -5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 1,9 м/с.
Астанада да жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +8 градусқа дейін көтеріліп, түнде -1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,9 м/с.
Шымкентте бүгін күн ала бұлтты болады деп күтіліп отыр. Күндіз термометр бағанасы +19 градусқа дейін көтеріліп, түнде +5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,1 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2447862-tunde-5-ke-deiin-suyq-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-kun-raiy-qandai-bolady/