jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда ұландықтар есінен танып қалған адамға көмек көрсетті

Ер адамға көмек көрсетіп жатқан сарбаз
Ер адамға көмек көрсетіп жатқан сарбаз. Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Алматыда Ұлттық ұлан сарбаздары есінен танып қалған ер адамға көмек көрсетті. Олар оның мұрнынан аққан қанды тоқтатып, медицина қызметкерлеріне тапсырды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жерде жатқан адамды байқаған әскери жасақ бастығы қатардағы Азамат Бөкенов және патрульші жауынгерлер Нұрасыл Нұрлан мен Ахмет Тынышық оған бірден жақындап, жедел жәрдем шақырған.

Олар уақыт жоғалтпай, ер адамды ақырын орындыққа отырғызып, алғашқы көмек жинағында бар құралдардың көмегімен мұрын қанауын тоқтатқан.

Ер адамға көмек көрсетіп жатқан сарбаздар
Ер адамға көмек көрсетіп жатқан сарбаздар. Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Кейін олар ер адамды толық тексеру және кәсіби медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram