jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Атырауда әкімдер жолаушылар автобусына отырып, жолақысын төледі

әкімдер
Әкімдер. Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі/azh.kz

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов пен Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов қала тұрғындарының қоғамдық көлікке қатысты шағымынан кейін автобусқа отырды, деп хабарлайды Ақ Жайық.

Облыс әкімі Болат Ақшолақов пен қала әкімі Данияр Таханов қоғамдық көліктің қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көруді ұйғарған.

Бұған әлеуметтік желілер, 109 қызметі және әкімдіктің Telegram-дағы чаттары арқылы атыраулықтардан тұрақты түрде түсіп жатқан шағымдар себеп болған. Автобустарға қатысты мәселелер аппараттық кеңестерде жиі көтерілетіні соншалық, облыс пен қала басшылары жағдайды өздері тексеруге шешім қабылдаған.

Шенеуніктер №12, 14 және 59 бағыттар бойынша жүріп, аялдамаларды да қарап шыққан. Олар аялдамаларда павильондардың бар-жоғын, олардың жай-күйін және жолаушыларға көлік күту қаншалықты ыңғайлы екенін тексерген.

Қуанышқа орай, оларға лық толы автобуста тік тұруға тура келмеді. Сапар демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, автобустарда жұмыс күндерімен салыстырғанда жолаушылар саны әдеттегіден аз болды. Сондықтан өңір мен қала басшылары көптеген атыраулыққа қарбалас уақытта үйреншікті болып кеткен автобустағы иін тірескен жағдайға тап болған жоқ.

Сапар қорытындысы бойынша жауапты басқармаға қалалық маршруттар желісін зерттеп, оны жақсарту жолдарын ұсынатын мамандарды табу тапсырылды.

Айта кетейік, "Ақ Жайық" басылымына Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, екі әкім де басқа жолаушылар сияқты жолақысын төлеген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram