Астанада келесі жылы жаңа әуежайдың құрылысы басталады
Жарияланған күні:

Астанада жаңа әуежай салынады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатқанын еске салып өтті.
"Мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған.
Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады.
Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз", - деді президент.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2448702-astanada-kelesi-zhyly-zhanga-auezhaidyng-qurylysy-bastalady/