jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Таза "футболға" айналдырды": Тоқаев жол сапасына байланысты шенеуніктерді сынға алды

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Иллюстрациялық фото: picture alliance/Getty Images

Қазақстан халқына жолдауында мемлекет басшысы келесі жылы барлық автокөлік өткізу пунктін сапалы жаңғыртуды аяқтау қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Келесі жылы барлық автокөлік өткізу пунктін сапалы жаңғыртуды аяқтау қажет. Бұл жұмыс осы кезге дейін баяу әрі селқос жүргізіліп келді.

Алдымызда барлық (дәл солай, барлық) республикалық және жергілікті автожолдарды сапалы салу бойынша аса өзекті міндет тұр.

Ережелер мен регламенттерді алға тартқан орталықтағы және жергілікті атқарушы органдар мәселені бір-біріне сілтеп, таза "футболға" айналдырды. Түйткілді созбалаңға салып, жылы жауып қою үшін қолдан келгеннің бәрін істеді", - деп мәлімдеді президент.

Осыған байланысты мемлекет басшысы тапсырмалар берді.

"Сондықтан тапсырамын: барлық жолмен – мейлі ол республикалық (орталық) болсын, бұл барлық жолдың шамамен 26 пайызы, мейлі әкімдіктердің қарамағындағы жергілікті жолдар болсын – Көлік министрлігі арқылы үкімет айналысуы тиіс.

Қайталап айтамын: бізге өте сапалы жолдар керек.

Битум мен қиыршықтастың сапасын сылтаурату қабылданбайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram