jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Медициналық-санитарлық жүйені жаңғырту: учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артуы мүмкін

ноутбук алдында отырған дәрігер
Ноутбук алдында отырған дәрігер. Фото: jose carlos cerdeno martinez/Getty Images

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолғы Қазақстан халқына жолдауында медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне тоқталды. Ол 1 қаңтардан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын 40 пайызға дейін арттыру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорда.

"Сондай-ақ біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән береміз.

Осы тұрғыдан алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды.

Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді", - деді президент.

Айта кету керек, Тоқаев 28 қазандағы жолдауында еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшерін 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырған.

"Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді", - деді ол.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram