jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары күдік тудырған сөмкеге байланысты эвакуацияланды

Өрт сөндіру көлігі мен студенттер
Өрт сөндіру көлігі мен студенттер. Фото: threads.com/@serikkovnam

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен қызметкерлері күдік тудырған сөмкеге байланысты эвакуацияланды, деп хабарлайды Алматы полициясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Threads әлеуметтік желісінде ҚазҰУ студенттерінің эвакуацияланғаны туралы ақпарат жарияланды.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне оқу орнының ғимаратында қараусыз қалған сөмке табылғанын хабарлады.

"Алғашқы әрекет ету шаралары аясында оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері дереу жетті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында білім алушылар мен оқытушылар құрамы эвакуацияланды.

Тексеру барысында сөмкенің студенттердің біріне тиесілі екені және ішінде оқу құралдары бары анықталды. Белгілі болғандай, табылған заттан ешқандай қауіп жоқ", - делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ Алматы полиция департаменті азаматтарға қырағылық танытып, қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар полиция азаматтарға күдік тудырған немесе қараусыз қалған заттар табылған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласу қажеттігін және өз бетінше әрекет етпеу керектігін ескертті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram