jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Республика күнінде Атыраудағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Болат Ақшолақов, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтеріліп, гимн шырқалған соң облыс әкімі сөз сөйлеп, жұртшылыққа мерекелік тілегін айтты.

Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

"Республика күні – мемлекеттігіміздің тарихындағы маңызды күн. Бүгін біз өткенімізді қорытындылап, болашақтағы міндеттерімізді айқындаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекетті нығайтуға бағытталған реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Елдің ертеңі үшін ортақ жауапкершілік, бірлік пен келісім – біздің алдағы дамуымыздың негізі. Баршаңызға мықты денсаулық, әрбір отбасыға амандық, елімізге бейбітшілік тілеймін. Қазақстанымыз өркендей берсін!" - деді Болат Ақшолақов.

Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram