jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Атырауда мүгедектігі бар адамдарды оңалту мәселелері талқыланды

Форум "Тәуелсіздікке бір қадам"
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Атырауда Есболат Балбаев атындағы "Тәуелсіздікке бір қадам" форумы өтті. Biz de adambyz қоғамдық қоры ұйымдастырған іс-шара мүгедектігі бар адамдарды тиімді оңалту және олардың күнделікті өмірдегі дербестігін арттыру мәселелеріне арналды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Форум "Тәуелсіздікке бір қадам"
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Форумның тақырыбы – оңалту процесінде өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру. Қатысушылар мұндай жұмысты оңалтудың алғашқы кезеңінен бастаудың маңызын атап өтті. Бұл тәсіл адамның физикалық мүмкіндіктерін қалпына келтірумен қатар, күнделікті тұрмыста өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік береді.

Панельдік сессия барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, оңалту жүйесін жетілдіру және адамдардың тәуелсіз өмір сүруіне жағдай жасау жолдарын талқылады. Практикалық бөлімде үш интерактивті аймақ ұйымдастырылып, оңалту бағдарламаларына өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын енгізу тәжірибелері таныстырылды.

Форум "Тәуелсіздікке бір қадам"
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Biz de adambyz қоғамдық қорының инструкторы Жасұлан Қабдоловтың айтуынша, оңалту адамның физикалық мүмкіндіктерін қалпына келтірумен шектелмей, оның дербестігін арттыруға бағытталуы керек. Форум осы бағыттағы тәжірибелерді ортаға салып, оңалту жүйесін жетілдіруге арналған ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.

Форум "Тәуелсіздікке бір қадам"
Фото: Атырау облысының әкімдігі

2021 жылдан бері "Теңізшевройл" компаниясының қолдауымен Biz de adambyz қоры "Мүгедектігі бар адамдарды тиімді оңалту" жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба аясында кресло-арбаны пайдаланатын адамдарға тәуелсіз өмір сүру дағдылары үйретіледі. Бүгінге дейін мүгедектігі бар адамдар мен еріктілерге арналған 13 лагерь өткізіліп, оған 100-ден астам кресло-арба пайдаланушысы және 100-ден астам ерікті қатысты.

Форум "Тәуелсіздікке бір қадам"
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Сонымен қатар жоба аясында инсульт алған адамдарды қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар, спорттық және мәдени бағдарламалар, жаңа мамандықтарды меңгеруге арналған қысқа мерзімді курстар өткізіледі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram