jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Екі мәрте егіз босанған шымкенттік келіншек үшемді дүниеге әкеліп, 10 баланың анасы атанды

Үшемдердің анасы
Үшемнің анасы. Фото: Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Шымкентте бұған дейін екі рет егіз босанған әйел үшемді дүниеге әкеліп, 10 баланың анасы атанды, деп хабарлайды өңірлік денсаулық сақтау басқармасы.

Сәбилердің екеуі — қыз, біреуі — ұл. Туған кездегі салмақтары 1740, 1482 және 1730 грамм болған. Ата-анасы оларға Альсия, Сафия және Аймұхаммед есімдерін берген.

Шала туған нәрестелер алғашқы күндері жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімінде ем қабылдады. Кейін арнайы күтім бөліміне ауыстырылып, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды.

Мамандардың уақытылы көрсеткен медициналық көмегінің нәтижесінде сәбилердің жағдайы жақсарып, салмақтары біртіндеп артқан.

Қазіргі уақытта үшемнің жағдайы қанағаттанарлық. Салмақтары екі келіден асқан нәрестелер медициналық көрсеткіштерге сәйкес үйіне шығарылуға дайындалып жатыр. 

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram