jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Мұғалімдер артық есеп беруден босатылады: ол қалай жүзеге асады

Қорап ұстаған әйел
Әйел жұмыс кезінде. Көрнекі фото: pixels.com

Премьер-министр Олжас Бектенов педагогтердің есептілік жүйесін қайта қарауды, түрлі платформаларды қайталанатын құжаттарды алып тастауды және мұғалімдердің ар-намысы мен қадір-қадір-қасиетін қорғау шараларын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Олжас Бектенов мұғалімдердің есептілігінің барлық түрлеріне ревизия жүргізуді және биылғы 10 желтоқсанға дейін мұғалімдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау шараларын күшейту жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында білім беру саласындағы кез келген өзгеріс ең алдымен педагогтердің жұмысын жеңілдетіп, оларға түсетін артық жүктемені азайтуға тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар ол оқушылардың мұғалімдерге дөрекілік көрсетіп, күш қолдану жағдайларына, сондай-ақ мектеп әкімшілігінен қысым көрсетілуіне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, педагогтерге қатысты мұндай көзқарас мүлде жат. Ол әрбір осындай жағдай мұқият әрі жан-жақты қаралуға тиіс екенін және болып жатқан жағдай үшін білім беру үдерісінің барлық қатысушысы жауапкершілік алуға тиіс екенін атап өтті.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-ағарту, ұлттық экономика және қаржы министрліктеріне өңір әкімдерімен бірлесіп, Инфрақұрылымдық даму қорының тізбесіне оңалту және сауықтыру кабинеттері бар жаңа форматтағы 20 инклюзивті мектеп-кешенді салу жобаларын енгізу тапсырылды.

Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау министрліктерімен және "Қазақстан халқына" қорымен бірлесіп бейінді мамандар тапшылығын қысқарту және ерекше қажеттіліктері бар балаларды ерте анықтау жүйесін жетілдіру бойынша шаралар әзірлеу қажет.

"Балаларды оқыту мен тәрбиелеу тиімділігін арттыру, мұғалімдердің қызметіндегі артық жүктемені азайту және олардың беделін қорғау үшін Оқу-ағарту министрлігіне әкімдермен бірлесіп, есептіліктің барлық түрін қайта қарауды тапсырамын. Олардың әртүрлі платформаларда қайталануын жойып, есептер санын азайту қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар 10 желтоқсанға дейін мұғалімдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау шараларын күшейту бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram