jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қызметін өткеру кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары қорғаныс министрімен кездесті

қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесу
Қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесу. Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов қызмет кезінде қаза тапқан немесе ауыр жарақат алған әскери қызметшілердің туыстарынан құралған бастамашыл топпен кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қорғаныс министрі генерал-майор Айдос Мырзахметов әр жылдары әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан және ауыр жарақат алған әскери қызметшілердің туыстарынан құралған бастамашыл топпен кездесті.

Азаматтарды қабылдауға бас әскери прокурор мен ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері де қатысты.

"Қорғаныс министрлігі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасының қайғысына ортақтасып, туыстарының өтініштеріне түсіністікпен қарайды. Әрбір өтініш мұқият қаралып, нақты жауап беріледі", - деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

Кездесу соңында министр әрбір жағдаймен жеке танысып, ұсынылған материалдарды зерделейтінін мәлімдеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram