Алматы көшелерінің бірінде көлік қозғалысы қарашаға дейін шектеледі: жүргізушілер нені білуі керек
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алатау ауданындағы Орталық көшесінің бір учаскесінде қозғалыс күнделікті жабылып отырады, жүргізушілер түнгі уақытта бағыттарын алдын ала ойластыруы қажет. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.
Саин көшесін Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзарту жұмыстары аясында Алатау ауданындағы Орталық көшесінің бір учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.
"Атап айтқанда 29-3 қараша аралығында сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Аруана көшесінен Саин көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Айналып өту Аруана көшесі (оңтүстік бағыт), Мәдениет шағынауданының көшесі (шығыс бағыт) және Саин көшесі (солтүстік бағыт) арқылы қамтамасыз етіледі.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері қойылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2449526-almaty-koshelerining-birinde-kolik-qozgalysy-qarashaga-deiin-shekteledi-zhurgizushiler-neni-bilui-kerek/