Қорғаныс министрлігі желідегі қазақстандық әскери қызметшілердің видеосына қатысты мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Әлеуметтік желілердің шетелдік сегментінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне қатысты фейк мәлімет тарады, деп хабарлайды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ОКҚ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының мәліметінше, әлеуметтік желілердің шетелдік сегментінде Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері қатысқан видеоролик таралып жатыр.
Видео сипаттамасында онда шет мемлекеттер арасындағы текетірес бейнеленген деген тұжырымдар келтірілген.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Бейнежазбада 2026 жылғы маусым мен тамыз айлары аралығында Жетісу облысындағы "Көктал" полигонында жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштері әскери қызметшілерінің оқу-жаттығу жиындары бейнеленген", - делінген хабарламада.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желі қолданушыларын жарияланымдарды бөліспес бұрын олардың бастапқы дереккөздерін және қандай мәнмәтінде жарияланғанын мұқият тексеруге шақырады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2449596-qorganys-ministrligi-aleumettik-zhelidegi-qazaqstandyq-askeri-qyzmetshilerding-videosyna-qatysty-malimdeme-zhasady/