"Көзілдірік сатып алу үшін жолға шыққан": Алматы тауларында жоғалған жасөспірім табылды
Жарияланған күні:

Қонаевтан көзілдірік сатып алу үшін Алматыға келген жасөспірім үйіне оралмаған. Құтқарушылар оны таудан тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының Бостандық ауданында, Үлкен Алматы көлінің маңында теңіз деңгейінен 2510 метр биіктікте Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары 2010 жылы туған жасөспірімнің жүрген жерін анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарын жүргізді.
"Қолда бар мәліметке сәйкес, 29 қазанда жасөспірім көзілдірік сатып алу үшін Қонаев қаласындағы үйінен автобуспен Алматыға өз бетінше жолға шыққан. Ол ересектердің қарауынсыз қалаға аттанып, кейін үйіне оралмаған.
Іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар жасөспірімді "Озерная" тау лашығынан тапты. Оның жанында тағы екі досы болған", - дейді ТЖМ өкілдері.
Құтқарушылар үш жасөспірімді таудан қауіпсіз жерге түсірді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған. Таудан түскен соң кәмелетке толмаған балалар полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2449893-kozildirik-satyp-alu-ushin-zholga-shyqqan-almaty-taularynda-zhogalgan-zhasospirim-tabyldy/