Құбыр төсеу үшін жаңа тротуарды бұзып жатыр: Алматылықтар көшенің қайта қазылып жатқанына наразылық білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы тұрғындары жөндеуден кейін көшелердің қайта қазылғанына наразылық білдірді. Қала тұрғындарының айтуынша, құбыр төсеу үшін жаңа тротуар бұзылған. Әкімдік шағымға қатысты жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Threads желісінде madinadinmukhammed нигімен тіркелген алматылық қалада тротуардың қайта қазылғанына шағымданды.
"Алматы әкімдігі бір ай да болмаған жаңа тротуардың құбыр төсеу үшін қайта бұзылғанын қалай түсіндіреді? Неліктен құбыр төсеу үшін жаңа тротуар бұзылады, жұмыстар неге алдын ала жасалмады?" - деп жазды ол.
Смотреть в Threads
Қала тұрғындары желідегі жазбаға пікір қалдырып, жөндеу жұмыстарынан кейін қайта қазылған басқа көшелерді де мысалға келтірді.
Бұл жазбаға Алматы әкімдігінің қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасы үн қатты.
"Қазіргі уақытта трансформаторлық қосалқы станцияға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер ұйым аумақты абаттандыру бойынша қалпына келтіру жұмыстарын, соның ішінде асфальт-бетон жабынын қалпына келтіруді мерзімді міндеттемелер аясында орындайды.
Барлық жұмыстың, соның ішінде қалпына келтіру жұмыстарының аяқталатын мерзімі – 2026 жылғы 10 қараша", - деді ведомство өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2449926-qubyr-toseu-ushin-zhanga-trotuardy-buzyp-zhatyr-almatylyqtar-koshening-qaita-qazylyp-zhatqanyna-narazylyq-bildirdi/