jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қарашаның басында Қазақстанда жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады

жол
Жол. Иллюстрациялық фото: Pixabay.com

Қазанның соңғы күндері мен қарашаның басында Қазақстанда жаңбыр, қар жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ кей өңірлерде көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, 31 қазан мен 2 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.

Кей жерлерд жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, ал елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады.

Тек Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Түнгі және таңертеңгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман түседі.

Дегенмен республика бойынша ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram