Алматы облысында 46 жастағы әйел туғаннан бері құжатсыз жүрген
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алатау қаласында 46 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген әйел анықталды. Оның құқығын қорғау үшін прокуратура сотқа жүгінді, деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, Алатау қаласының прокуратурасы туғаннан бері жеке басын куәландыратын құжаттары мен жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жоқ 46 жастағы әйелге көмектескен.
Анықталғандай, 1980 жылы анасы қызының дүниеге келуін АХАТ органдарында тіркемеген. Сол кезеңдегі медициналық мұрағаттар сақтау мерзімі өткен соң жойылғандықтан, құжаттарды соттан тыс тәртіппен қалпына келтіру мүмкін болмаған.
ЖСН-і болмағандықтан, әйел сотқа өздігінен жүгіне алмаған, ал әпкесінің бұған дейін берген өтініші қанағаттандырылмаған.
Азаматшаның құқықтарын қорғау мақсатында Алатау қаласының прокуратурасы сотқа оның туу фактісін анықтау туралы талап қоюмен жүгінген.
Сот талапты қанағаттандырған. Енді әйел тиісті құжаттарын рәсімдеп, медициналық көмек пен әлеуметтік қолдау ала алады, сондай-ақ ресми түрде жұмысқа орналаса алады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2449944-almaty-oblysynda-46-zhastagy-aiel-tugannan-beri-quzhatsyz-zhurgen/